Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы «Облыстық психикалық денсаулық орталығы» Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны директорының бос лауазымына конкурс жариялайды: Алматы облысы, Талғар ауданы, Талғар қ,
Қонаев көшесі 97, почта индексі 041600, телефон +7 701 366 0510
е-mail: tal.narko97@mail.ru
1. ШЖҚ «Облыстық психикалық денсаулық орталығы», облыстық деңгейде психиатрия, психотерапия және наркология саласындағы амбулаториялық және стационарлық мамандандырылған медициналық қызметінде тегін көмек көрсетеді.
2.Барлық конкурсқа қатысушыларға
қойылатын жалпы біліктілік талаптары:
— «Денсаулық сақтау» даярлау бағыты бойынша жоғары білім, «Денсаулық сақтау менеджменті» («Қоғамдық денсаулық сақтау») мамандығы бойынша біліктілікті арттырудан (қайта даярлаудан) өткені туралы куәлік және (немесе) тиісті мамандық бойынша біліктілік беру туралы куәлік (немесе сертификат);
— немесе «Денсаулық сақтау» даярлау бағыты бойынша жоғары білім, «Денсаулық сақтау» немесе «Бизнес, басқару және құқық» даярлау бағыты бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе ЕМВА (ЭмБиЭй) немесе full-time (Фултайм) дәрежесі;
— немесе «Бизнес, басқару және құқық» даярлау бағыты бойынша жоғары білім және «Денсаулық сақтау» даярлау бағыты бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе ЕМВА (ЭмБиЭй) немесе full-time (Фултайм) дәрежесі;
— денсаулық сақтау саласындағы менеджер сертификаты;
— басшылық лауазымдағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.
3. Білуі керек:
Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі, «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, «Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26867 болып тіркелген);
— қазіргі заманғы басқару қызметінің стратегиялық және ұйымдастырушылық аспектілері;
— денсаулық сақтау ұйымдарының жоспарлы-экономикалық және қаржылық қызметінің негіздері;
— басқарудың экономикалық әдістері және ұйым қызметін талдау;
— медициналық қызметтер нарығының конъюктурасы;
— денсаулық сақтаудағы адами ресурстарды басқарудағы үздік тәжірибелер;
— халық денсаулығының жай-күйін сипаттайтын статистиканы, өлшемшарттар мен көрсеткіштері;
— отандық медицинаның қазіргі заманғы ғылыми жетістіктері; денсаулық сақтауды басқарудағы үздік халықаралық тәжірибе;
— еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитариялық және өртке қарсы қауіпсіздік қағидалары мен нормалары;
— төтенше жағдайлар кезінде қызметті ұйымдастыру.
4. Лауазымдық міндеттері:
Денсаулық сақтау ұйымының өндірістік, қаржы-шаруашылық қызметіне басшылық жасайды, қабылданатын басқарушылық шешімдерге, ұйым мүлкінің сақталуы мен тиімді пайдаланылуына, сондай-ақ қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелеріне жауапты болады.
Ұйым қызметінің саясатын, стратегиясын және оны іске асыру тетігін айқындайды. Көрсетілетін диагностикалық, емдеу және профилактикалық көмектің тиімділігі мен сапасын одан әрі арттыруға, көрсетілетін қызметтердің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған персонал жұмысының жаңа ұйымдастырушылық нысандары мен әдістерін енгізуді және қолданыстағыларын жетілдіруді қамтамасыз етеді.
Ұйымның құрылымдық бөлімшелерінің тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді, олардың өзара іс-қимылдарын көрсетілетін медициналық қызметтерді дамытуға және жетілдіруге бағыттайды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуына және өз тарапынан және оның қарамағындағы тұлғалардан сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу бойынша шаралар қабылдауға дербес жауапты болады.
Ұйымды білікті кадрлармен қамтамасыз ету, олардың кәсіби білімі мен тәжірибесін ұтымды пайдалану, өмір мен денсаулық үшін қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау, ұжымда қолайлы психологиялық ахуал қалыптастыру жөнінде шаралар қабылдайды. Ұйым қызметін талдау және оның жұмысының көрсеткіштерін бағалау негізінде ұйым жұмысының нысандары мен әдістерін жақсарту бойынша қажетті шараларды қабылдайды. Әлеуметтік әріптестік қағидаттары негізінде ұжымдық шартты әзірлеуді, жасасуды және орындауды, еңбек тәртібін сақтауды қамтамасыз етеді, қызметкерлердің еңбек уәждемесін, бастамасы мен белсенділігін дамытуға ықпал етеді.
5. Конкурсқа мынадай тұлға қатыса алмайды:
1) он сегіз жасқа толмаған;
2) бұрын сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық жасаған;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да жағдайлар.
6. Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1) Конкурсқа қатысуға өтінім; мемлекеттік және орыс тілдеріндегі түйіндеме; кез келген нысанда жазылған өмірбаян; білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
2) еңбек кітапшасының (болған жағдайда) немесе еңбек шартының көшірмесі, еңбек шартын қабылдау және бұзу туралы бұйрықтардан үзінді көшірме немесе еңбек өтілін растайтын басқа құжат;
3) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген 086/у нысанындағы денсаулығы туралы анықтама (қайта тіркелген) № 6697 нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімі;
4) соттылығының жоқтығы туралы Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің анықтамасы.
5) Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғанға дейін хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайы бойынша Кәсіпорынға құжаттарды электронды түрде береді.
6) Құжаттардың түпнұсқасы сұхбат басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей тапсырылуы тиіс. Егер олар ұсынылмаса, ниет білдіруші конкурстан өтуге жіберілмейді.
- Құжаттарды қабылдау және конкурсқа қатысуға өтінімдер беру уақыты:
Құжаттар ресми бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған сәттен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде қабылданады
8. Конкурс өткізу күні
Құжаттарды қабылдау аяқталған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде. Хабарлама телефон арқылы, электронды адреске және қатысушылардың ұялы телефондарына ақпарат жіберу арқылы жүзеге асырылады.
9. Конкурс өткізу орны
Алматы облысы, Талғар ауданы, Талғар қ, Қонаев көшесі 97, почта индексі 041600, телефон +7 701 366 0510 е-mail: tal.narko97@mail.ru