Бір темекі шексеңіз өміріңіз 15 минутқа қысқарады

 Әлемде әр 13 секунд сайын темекі шегу салдарынан пайда болатын аурудан бір адам қайтыс болады, ал бір жылда – 2,5 млн адам қайтыс болады.

         Шылым шегу – зиян , одан өз еркімен бас тарту қиын. Себебі,темекі түтінінің құрамында 12 000-ға жуық заттар мен химиялық қосылыстар бар. Оның 196 — улы және 14 наркотик тәріздес заттар. Ал оның түтінінде никотин, көгерткіш қышқыламмиакрак) ісігін асқындыратын бензопирент.б. зиянды заттар көп.  Шылым шегетіндер оны тұтыбайтындарға қарағанда өкпенің созылмалы қабынутуберкулезтыныс демікпесі ауруларына жиі ұшырайды. Темекі түтіні тараған бөлмеде бір сағат болған адам шылым шеккендей уланады. Шылым шегетін әйелдер мезгілінен ерте қартаяды, жүкті кезінде түрлі дерттерге шалдығады. Әрі темекі түтіні жатырдағы сәби де зардап шегеді.

   Никотиннің тағы бір қауіптілігі қан тамырларының түйілуіне және олардың ішкі қабықшасының өзгеруіне әсер етеді. Мұндайда қантамырлардың саңылауы тарылып, қан айналымы қиындайды, дене мүшелерін оттегімен және қоректік заттармен қамтамасыз ету нашарлайды. Шылым шегушілер арасында көп тараған кесел — стенокардия, мұнда жүрек қан тамырлары кеудені қатты ауыртатын әлсіздік пен ажал қатерін туғызатындай оқтын-оқтын түйілуі мүмкін.Стенокардия көбіне жүректің ауыр жарақаты миокардинфарктіге әкеліп соғады. Темекі түтіні адам денесінің жетілу мүмкіндіктерін шектейді. Темекінің зияны ас қорытуды қиындатып,асқазанда жара пайда болады. Ерін,тіл,өңештің қатерлі ісігін өршітіп,созылмалы тыныс жолдарының қабынуына түрткі болады. Есте сақтау қабілетін азайтады, ұйқысыздық, жыныстық қабілетті нашарлатады.

Back to top button
Close